Майқұдықта Оқушылар сарайы салынып жатыр
Майқұдықта Балаларға арналған шығармашылықты дамыту орталығының құрылысы жүріп жатыр.

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожуховтың айтуынша,

бірінші корпуста робототехника сияқты техникалық бағыттағы үйірмелер, ал екінші корпуста спорт секциялары орналасады.

Жоба екі блоктан тұрады. Оның бірі – түрлі үйірмелер мен шығармашылық бағыттарға арналған бөлім болса, екіншісі – спорттық жаттығулар мен көрермендер қатысатын жарыстар өткізуге бейімделген әмбебап зал.

Қазіргі таңда ғимараттың құрылысы басталып, екі блок бойынша жұмыстар қатар жүргізілуде. Нысанда 60-тан астам адам еңбек етуде.

Мұндай орталық бұған дейін Пришахтинск кентінде салынған. Басты мақсат – балалардың шығармашылықпен және спортпен заманауи әрі жайлы жағдайда айналысуына мүмкіндік жасау.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



