АймақБас тақырыпРуханият

Тұңғышбай Мұқановқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында өлкетанушы, ұстаз Тұңғышбай Өміртайұлы Мұқановқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жоғары марапат Тұңғышбай Мұқановтың ел мәдениеті мен өнерінің дамуына сіңірген елеулі еңбегі мен көпжылдық шығармашылық қызметіне көрсетілген зор құрмет. Құрметті атақ иесін әріптестері мен өнерсүйер қауым құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Айта кеткен жөн, өлкетанушы Ақтоғай ауданының тарихын жинақтап зерделеудегі жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет комитетінің Құрмет грамотасын алған. «Ақтоғай халық театрының», «Тоқырауын толқындары» ансамблінің негізін қалауға айрықша атсалысып, бүкілодақтық және республикалық байқаулардың лауреаты атанған. Өнердегі еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

Өлкетанушының «Ел тарихы – рухани қазына», «Ақтоғай өнерінің шамшырақтары», «Ақтоғай – тарихтың тас сандығы» атты кітаптары жарық көрген.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button