Ерлікке тағзым, ардагерге құрмет

Қадірлі ардагерлер!
Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл қасиетті күн Ұлы Отан соғысы жылдарында бостандықты қорғаған халық ұлдарының ерлік істеріне терең құрметтің белгісі болып қала береді. Осы кезеңде миллиондаған адамдар Отанды қорғауға, тылда еңбек етуге жұмылып, осы еңбектерімен Ұлы Жеңісті жақындата түсті. Олардың бұл істері бейбітшілік пен бостандықтың берік іргетасына айналды. Біз ардагерлеріміздің Отанды қорғау жолындағы жанқиярлыққа толы ерлік істерін терең ризашылықпен еске аламыз.
Ұлы Жеңіс күні ұрпақтарымыздың жадында мәңгілікке сақталып, бейбітшілік пен бірлікті, өзара келісімді қорғауға негіз бола бермек. Құрметті ардагерлер мен Отан қорғаушылар, мерекеге орай сіздерге зор денсаулық, амандық тілейміз. Еліміз көркейіп, дами берсін, аспанымыз ашық болсын!
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы



