Мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өседі
ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Жаңа заң 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында әзірленген.

Аталған заңда жалақы кемінде үш жылда бір рет индексацияланады, бұл табыстың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді.
Егер 25 жылдық жұмыс өтілі және мемлекеттік немесе ведомстволық марапаттары болса, зейнетке шыққанда, 4 айлық мөлшерінде бір реттік сыйақы беріледі.
Бұдан бөлек, еңбек демалысына ақы төленетін қосымша күндер қосылады. Оның ұзақтығы мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтіліне байланысты: 10 жыл болса – үш күн, 15 жыл болса – бес күн, 20 жыл болса – он күн қосымша демалыс қарастырылған.
Қазір елде шамамен 83 мың мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



