Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарулы күштерде Ашық есік күні өтті

Қазақстан Қарулы күштерінде бірыңғай Ашық есік күні ұйымдастырылып, еліміздің әр өңіріндегі 50-ден астам әскери бөлім келушілерге есігін ашты. Іс-шараға 15 мыңнан астам адам қатысты.

Сурет ұйымдастырушылардан

Акцияға мектеп оқушылары, студенттер, педагогтер, сондай-ақ мерзімді әскери қызметшілердің ата-аналары мен жақындары келді. Қонақтар армияның тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп, әскери қызметтің қыр-сырымен танысты.

Ашық есік күні Қарулы күштердің барлық түрлерін қамтыды: Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, Десанттық-шабуылдау әскерлері және Арнайы операциялар күштері. Келушілер казармаларды, асханаларды және тұрмыстық нысандарды аралап, сарбаздардың күнделікті өмірімен танысты.

Іс-шара барысында әскери жаттығулар, техника көрмесі және түрлі бөлімшелердің жұмысы көрсетілді. Қонақтар заманауи дрондар мен бронды техниканы жақыннан көріп, өздерін болашақ Отан қорғаушысы ретінде сынап көрді.

Бағдарлама саптық алаңдағы көрнекі қойылымдармен аяқталып, әскери қызметшілер қоян-қолтық ұрыс тәсілдері мен тактикалық іс-қимыл элементтерін көрсетті. Соңында келушілерге дәстүрлі сарбаз ботқасы ұсынылды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button