АймақЖаңалықтар

Соқыр өзенінен экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Қарағанды облысының экология департаменті «Капиталстрой» ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру «Қазгидромет» РМК ұсынған ақпарат негізінде қолға алынған. Зертханалық талдау нәтижелері су құрамында аммонийлі азот мөлшерінің айтарлықтай артық екенін көрсетті. Белгіленген норма 1,2 мг/дм³ болса, нақты көрсеткіш 29,07 мг/дм³-ке жеткен. Бұл өзен суының едәуір ластанғанын айғақтайды.

Сурет Экология департаментінен

Сонымен қатар, есептік кезеңде төгілген ағынды сулар көлемі 0,195 мың м³ болғаны анықталды.

Мамандардың айтуынша, мұндай нормадан асу жағдайлары бұған дейін де тіркелген. Бұл заңбұзушылықтардың жүйелі сипатқа ие болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Анықталған деректер Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталмағанын білдіреді. Экология департаменті табиғатты қорғау нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп, қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау әрі қарай да жалғасатынын мәлімдеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button