Бас тақырыпЖаңалықтар
Алдағы уақытта көмір бағасы қымбаттамайды
Қазақстанда алдағы уақытта көмір бағасының өсуі күтілмейді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы қыс мезгілінде көмірдің бағасы өзгеріссіз қалады. Себебі көмірге деген сұраныс біртіндеп артады деп жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, вице-министр болашақта көмір бағасының өсуі мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл көмір өндіру көлемін арттыру және өндірісті жаңғырту қажеттілігімен байланысты. Мұндай өзгерістер қосымша шығындар мен инвестицияларды талап етеді. Алайда, бағаның өсуі реттелген түрде және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq,kz



