Бас тақырыпЖаңалықтар

Ұстаздардың пәндік білімін бағалау тесті тоқтатылды

Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалауға арналған тестілеу тоқтатылды. Бұл туралы  Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Министрдің айтуынша, аталған шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде қабылданған. Жаңа өзгеріске сәйкес, педагогтердің пәндік білімін тексеруге бағытталған тест жүйесі енді қолданылмайды. 

Жұлдыз Сүлейменова бұл бастаманы ұстаздарға деген сенімнің көрінісі деп атап өтті. Оның пікірінше, мұғалімдерге артық жүктеме түсіретін талаптарды азайту білім беру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Айта кеткен жөн, пәндік білімін бағалау тесті – мұғалімдердің өз пәні бойынша білім деңгейін тексеруге арналған емтихан түрі. Аттестация кезінде педагогтердің біліктілік санатын анықтауға әсер етеді.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button