Спорт

Қарағандылық «Шах­тер» клубы би­ылғы маусымның бірінші кездесуін сырт алаңда өткізді

Футболдан Қазақстан Бі­рінші-Лига ойындары бас­талды. Биылғы маусымда 14 команда Қазақстан Премьер-Лигасының жолдама­сы үшін сынға түспек. Бұл қа­тарда қарағандылық «Шах­тер» клубы да бар. Би­ылғы маусымның бірінші кездесуін сырт алаңда алматылық «Қайрат жастар» клубына қарсы өткізіп, 1:1 есебімен тең тарқасты.

Сурет клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Былтыр турнирдің басты фоваритінің бірі саналған жерлестер маусымды IV орынмен аяқтаған болатын. Ал, биыл клубта үлкен өзгерістер орын алды. Клуб ойыншылары жастармен жасақталып, бапкерлік сапына да жаңадан мамандар тартылды. Айта кетейік, «Шахтер» биыл да Бірінші-Лиганың басты фовариттерінің бірі.
Былтырғы маусымда басты фоварит – «Каспий», «Ертіс» және «Шахтер» клубы еді. Бірақ, тек ақтаулық пен павлодарлық клуб қана сәтті өнер көрсетіп, жоғары дивизионға көтерілген болатын. Қарағандылықтар тағы да бір маусымға осы дивизионға қалған болатын. Былтыр алғашқы үш кездесуде жеңіске жетіп, турнирлік кестенің жоғарғы жағынан орын алған. Биыл, керісінше, алғашқы ойынды тең есеппен аяқтады. Алматылықтар былтырғы маусымды VI орынмен тәмамдаған еді. Биыл да бұл клуб азды-көпті жаңалықтар енгізіп, командасына жаңадан ойыншылар қосты.

Ойын нағыз тартысқа толы өтті. Қос команда кезек-кезек шабуыл жасап, қауіпті соққылар жасады. Десе де, екі команда қорғау­шылары позицияларын сақтап, қарсыластың шабуылдарын ұтымды әрі сауатты тойтарып отырды. Нәтижесінде, таблода есеп ашылмады. Осылайша, қарағандылықтар сырт алаңда өткен бірінші ойында бір ұпай еншілеп қайтты. Ойын аяқталған соң Freedom Holding Corp. компаниясының директоры Тимур Турлов ойыншылармен кездесіп, алғашқы ойыннан алған әсерімен бөлісті.

– Алғашқы кездесуді ойдағыдай өткіздіңіздер. Тіпті, жеңіске жетуге де мүмкіндіктеріңіз болды. Біз бәріміз сіздердің жанкүйерлеріңізбіз. Стадион толған біздің жанкүйерлер. Құдды өз алаңымызда ойнап жатқандай әсер алдық. Баршаңызға алғыс айтамын. «Шахтер» командасы, жаңа маусымға оралғандарыңызбен құттықтаймын, – деді Тимур Турлов.

Команданың бас бапкері Андрей Финонченко көп мүмкіндіктерді пайдалана алмағандығын айтады.

– Қанша жыл өтсе де, «Қайраттың» ойын тактикасы, философиясы өзгермейді. Алаңға шықпас бұрын ойынның қалай өрбитінін де біліп отырдық. Алыс қашықтыққа пас жеткізу, қарымтаға шабуыл ұйымдастырады. Ойын тартысты өтті. Әуелі жігіттерге алғысымды айтамын. Соңына дейін күресіп, есеп ашу үшін барын салды. Гол салатын мүмкіндіктер туды. Бірақ, біз сол мүмкіндіктерді өзіміз дұрыс пайдалана алмадық. Алдағы уақытта жіберген қателіктеріміздің орнын толтырамыз, – деді Андрей Финонченко.

Енді «Шахтер» Қазақстан кубогы аясында 9 сәуірде өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпес» клубын қабылдайды. Ал, Бірінші-Лига аясындағы екінші кездесу – «Екібастұзға» қарсы өткізеді. Бұл жолы да жерлестер қарсыластарды өз алаңында қабылдайды.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button