Бас тақырыпЖаңалықтар

Қазақстандағы әр бала Ұлттық қордан 129,4 доллар алады

Ұлттық банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: astanatimes.com

Бағдарлама аясында әр балаға129,38 АҚШ доллары бөлінген. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ долларын құрайды. 2024 жылдың аяғында бағдарлама 6 921 035 баланы қамтыған.

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

 

Басқа материалдар

Back to top button