Жаңалықтар
Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік хатшы лауазымына тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын» делінген құжатта.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 18 қыркүйек
№ 156