Қарағанды

Қарағандыда қарулы күдікті қолға түсті

Қарағанды облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қару мен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау бойынша жедел іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Осындай алдын алу іс-шараларының бірінде 21 қазан күні Қарағандыда 29 жастағы автокөлік басқарып келе жатқан ер адам ұсталды. Автокөлік жүргізушісінің қалтасынан ерекше иісі бар есірткіге ұқсас өсімдік ұнтағы тәркіленді. Сонымен қатар, көліктің салонында 28 жастағы жолаушы болған, деп хабарлайды Ortalyq.kz

“Бұдан бөлек, көлік жүргізуші орындығының астынан төрт оғы бар “Макаров” тапаншасы табылды. Сараптама табылған қару мен оқшантайдың атуға жарамды екенін анықтады”, – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқа материалдар

Back to top button