Баспасөз мәслихатыРесми

Қызмет сапасы бақылауда

Бүгінде өлшеу құралдарынсыз жұмыс жүргізуді елестету қиын, олар қазір барлық салаға енді. Атап айтқанда, түрлі қызмет көрсету орындарында, денсаулық сақтау, ғылыми зерттеу­ де, азық­түлік өндірісімен қатар көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық рекордтарды тіркеуде де қолданылуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігі және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысы Бауыржан Қасымов айтып берді.

Өлшеу құралдарының барлығы да белгіленген стандарттық көрсеткішке сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Ол сақталмаған жағдайда зияны мен зардаптары туралы айтып жатудың өзі артық. Сондықтан, құралдар талапқа сай белгілі бір уақытта тексеруден өтіп тұруы міндет. Бұл заңдылықтардың орындалуын қадағалайтын арнайы құрылымдар жұмыс істейді. Аймақтағы осындай міндет Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментіне жүктелген. Тексеру барысында заң бұзу фактілері анықталды.

– Биыл мемлекеттік бақылаудың
166 нысаны қамтылды. Оның ішін- де 9 жоспардан тыс тексеру, 5 бару арқылы профилактикалық бақылау, 124 бармай-ақ профилактикалық бақылау. Оның 28 мемлекеттік басқа мемлекеттік органдармен бірлескен тексерістер болды. Профилактикалық бақылау сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамаларын сақтау тұрғысынан жүргізілді. Заң бұзушылықтар Сәтбаев қаласының орталық аурухансында анықталды. Онда 33 өлшеу құралдарының 21 бірлігі салыстырып тексеру мерзімі өткен кезде қолданылған. Және берілген сертификаттарда мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың берген шифрына сәйкес келмейтін шифр деп анықталды. Нәтижесінде, заң бұзушылықтар жою туралы ұйғарымдар берілді. Қазір қалпына келген, – дейді Б.Қасымов.

Бармай-ақ профилактикалық бақылау техникалық реттеу саласындағы және бағалы металдармен, асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды өткізу саласындағы заңнаманың сақталуы тұрғысынан жүргізілген. Мемлекеттік кіріс органдарынан, статистика бюросынан және сараптама ұйымдарынан алынған мәліметтерді салыстыру және деректерді талдау кезінде зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалық таңбасыз, сондай-ақ, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектісі қоятын атаулы белгінің бедерінсіз өткізу де көрініс тапқан. Заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама сатушыларға жіберілген.
Сонымен қатар, бармай-ақ бақылау шеңберінде техникалық реттеудің екі субъектісі тексерістен өткен. Департамент өкілдері прокуратураның тексеріс өндірісі туралы қаулылары бойынша 28 тексеріске қатысқан. Тексеріс шеңберінде облыстық медициналық мекемелерде өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заң бұзушылықтар анықталып, 15 қорытынды жасалды. Прокуратураның ұсынысы бойынша медициналық мекемелердің 12 лауазымды, 3 заңды тұлғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және хаттамалар толтырылды. 14 тұлға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша, яғни салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшем бірлік құралдарының қолданғаны және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілмеген өлшем құралдарын қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 7 млн. 767 мың теңгені құрады. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 683-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы коммуналдық мекемесінің директорына қатысты бір материал Жезқазған қалалық сотына жолданды. Осы нақты тұлға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 419-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылып, оған 493 мың 143 теңге сомасында айыппұл салынды.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 826-бабына сәйкес барлық медициналық мекемелерге қатысты заң бұзушылықтарды жою сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептермен жағдайларды анықтау жөнінде шаралары қабылдау туралы жеке ұсыныстар енгізілді. Бұдан басқа прокуратурадан келіп түскен материал бойынша Арай базары ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 419- бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 352 мың 245 теңге сомасында айыппұл салынды.

Бұл тексерулердің барлығы да тұтынушының, яғни баршамыздың мүддеміз үшін жұмыс істейді. Жұмыс жалғасын тауып, Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департамент мамандары адам өмірі мен денсаулығына кері әсерін тигізер заңсыздықтардың жолын кесе бермек.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button