Руханият

Индонезия жұртымен қауышты

Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірге АБАЙДЫҢ Қара сөзін индонезия тілінде жарыққа шығарды. Және оның онлай-тұсаукесерін өткізді.

Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Данияр Сарекенов шараның ашылу салтанатында сөз алып, көптеген тілге аударылған «Қара сөздер» жинағымен индонезиялықтар да қауышып, сол арқылы қазақ халқының рухани байлығы мен мәдениетін біле алатынын жеткізді. Абайдың шығармалары әлем халықтарының ортақ мұрасы екенін айтты.

Ал, Индонезияның Қазақстандағы Елшісі Рахмат Прамоно кітаптың индонезия тілінде жарыққа шығуы арқылы екі ел халықтары мәдени түсіністікті нығайтатынына сенім білдірді.

Онлайн жиын кезінде Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, профессор Үмітхан Мұңалбаева хәкімнің өмір жолы мен рухани еңбегі жайлы терең мағлұмат берді.

Сондай-ақ, кітапхана басшысы жаңа жинақ екі елдің де Ұлттық кітапханасына табысталатынын, электронды кітапханаларына да енгізілетінін айтты.

Шара соңында Абайдың әндері шырқалды.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button