АймақҚарқаралы

800 адамға жұмыс беріледі

Халықты жұмыспен қамту елімізде, әсіресе ауылдық жерлерде әлі де өзекті мәселе. Қарқаралы ауданының әкімдігінде осы мәселе бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар барысын талқылаған жиын өтті.

Сурет: personal24.kz сайтынан

Биыл Қарқаралы ауданы бойынша жаңадан тұрақты 800 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның ішінде аудан орталығынан 485, ауылдық округтерден 315 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, жастарды тәжірибеден, тағылымдамадан өткізу мерзіміне 20 жұмыс орны, әлеуметтік бағыттағы 15 жұмыс орны берілмек. Еңбек жолын енді бастайтын жастардан он екі адамға жұмыс орны сайланады.

Әлеуметтік қолдау ретінде 2024 жылы мүгедектігі бар он бес адамға ыңғайына келетін жұмыс беріледі. Мүмкіндігі шектеулі жандар, атап айтқанда, білім, медицина салаларында, ауыл әкімдіктерінде төрт жұмыс орнымен, мәдениет пен спорт салаларында үш  жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.

Осы мақсат-межелерді пысықтаған жиында аудан әкімінің орынбасары Дархан Жиенбаев халықты жұмыспен қамту бойынша жауапты сала жетекшілеріне басқа да мүмкіндіктерді қарастыру, белгіленген межелерді орындау бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,

Қарқаралы ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button