Руханият

8 март көшесі

Одақ кезінде елді мекендер мен көшелер атаулары еш талғамсыз оң ды­солды қойылғаны белгілі. Десек те, балқаштықтар үшін Жұмысшы қонысындағы әйелдер мерекесінің құрметіне берілген 8 март көшесінің маңызы жоғары. Бұл көше жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, ұрпақ болмысына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен Аналар мерекесінің ерекшелігін паш етіп тұр.

Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, аталмыш көше  атауы Балқаш қаласының құрылысы қарқын алған шақта берілген.

–  Көшеге 8 март атауы 1951 жылғы 14 наурызда Халық депутаттары Бал қаш қалалық кеңесі атқару комитетінің №7­241­7 шешімімен беріл ген екен. Ал, өткен жылы Балқаш қаласының бірқатар құрамдас бө лік теріне атау беру және оларды қайыра атау мәселесіне қатысты өткен жалпыхалықтық тыңдауда бұл көшені «8 наурыз» деп атау жө ніндегі ұсыныс түсіп, қабылданған болатын. Түбегейлі шешім енді шығуы тиіс, – дейді өлкетанушы Күләш Сардарбек.

69 жылдық тарихы бар 8 март көшесінің тұрғындары өздерін бақытты сезінеді. Тіпті, балаларына көше атауымен үндестіріп, Наурыз, Мартбек, Марта деп, азан шақырып, ат қойғандары да бар көрінеді. Осы көшенің тұрғындары жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды, алтын құрсақты жандардың қаладағы мерекесі өз көшелерінен басталады деп есептейді.

Бұған қарсы айтар уәж табыла ма, болған күнде оны алға тартудың қажеті бар ма?!

Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндеріне ілесе келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі де жетті. Бәлкім, 8 март көшесінде мереке думаны басталып та кеткен  шығар… 

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button