Руханият

Қариялар – асыл қазынамыз

Біздің елімізде ежелден қалыптасқан дәстүрге сай қариялар ерекше қамқорлыққа бөленген және бұл үрдіс жалғасын тауып келеді. Кейінгі жылдары ардагерлер ұйымдарының бастамасымен қарт адамдарды қолдаудың айлығы өткізіліп, 1 қазан – Қарттар күні бүкілхалықтық мереке ретінде атап өтіледі.

Қарттар күні – бұл барша ұрпақтың тамаша мерекесі. Өйткені, барлық заманда қарияларға – асыл қазынамызға ерекше ықыласпен қарап, олардың баға жетпес ақыл-кеңестеріне, даналық сөздеріне құлақ асып, өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп келеміз. Бұл күн – сондай-ақ, әкелеріміз бен аналарымыздың, соғыс және еңбек ардагерлерінің, зейнеткерлердің, аға ұрпақтың барлық өкілдерінің туған қаламызды өркендетуге қосқан үлесін, жанқиярлық ерен еңбегін, фашизмді жеңген тарихи жеңісін еске алып, бас июдің тамаша мүмкіндігі. Олардың көпшілігі жастарына қарамастан белсенді өмірлік ұстанымын сақтап, өндірістегі жұмыстарын жалғастыруда. Жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысып келеді.

Қарағанды қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері қаланың меншік иесіне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер басшыларын, атқарушы билік органдарын, кәсіпкерлерді бастауыш ардагерлер ұйымымен бірлесе отырып, соғыс және еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге, жалғызілікті қарт азаматтарға бүкілхалықтық мерекелік шаралар аясында қолдан келгенше материалдық көмек көрсетіп, моральдық қолдау шараларын өткізуге шақырады.

Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірменді қариялар!

Қарағанды қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері.

Басқа материалдар

Back to top button