КоронавирусРесми

Қарағанды облысында ХҚО-лар карантин кезінде жұмысын жалғастырады

ХҚО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті.

Азаматтарды дүрбелеңге берілмеуге шақырамыз. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен ХҚО-лар шектеу шаралары енгізілгеннен кейін де санитарлық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, өз жұмысын жалғастырады.

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қорғаныс шаралары қабылданып, фронт-офис ғимараттарында азаматтардың жиналуын болдырмауға бағытталған жұмыстар қолға алынған.

Бүгінде Қарағанды облысында Қарағанды. Балқаш, Жезқазған, және Теміртау қаласы  ХҚО-ларында қызметтерді тек алдын ала брон жасау арқылы ғана алуға болады. Мұны egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы жасауға болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталында қолжетімсіз, тек «қағаз» қызметтер (100-ден астам қызмет) көрсетіледі.

Мұның бәрі азаматтардың көптеп жиналуын болдырмауға және вирус жұқтыру қаупін азайтуға бағытталған.

Осыған байланысты, қазақстандықтарға, мүмкіндіктерінше, ХҚО-ға барудан бас тартуға және балама әдістерді қолдана отырып, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз, яғни. egov.kz порталын, eGovMobile мобильді қосымшасын немесе eGovKzBot2.0 телеграм-ботын қолдануға шақырамыз. Сондай-ақ, қызметтердің 84% үйден шықпай-ақ онлайн түрде алуға болатындығын ескертеміз.

Жақындарыңыз бен өз денсаулығыңызға сақ болыңыз.

ХҚО жұмыс кестесі: https://gov4c.kz/ru/zhanalyktar/2020/07/03/khko-lar-karantin-kezinde-zhumysyn-zhalgastyrady/?edit_off

Басқа материалдар

Back to top button