Руханият

Жерлесіміз – жүлдегер

Жұбан МОЛДАҒАЛИЕВТІҢ 100 және Қадыр МЫРЗА ӘЛІНІҢ 85 жылдық мерейтойына арналған «Жайықтың қос қыраны» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. Бұл сайыс пандемияға байланысты алғаш рет көрерменсіз Орал қаласында өтті.

«Айтыс – қазақтың төл өнері. Телевизиялық нұсқасы «Қазақстан» ұлттық арнасынан көрсетіледі. Айтыста шындық айтылып, оған ешкім ренжімеуі керек. Шындықтың жолы тар, бірақ бар. Тек сонда ғана өнер өседі, дамиды. Халқымыздың сөз өнері өлмейтініне осы айтыс дәлел», – деді қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов.

Ал, айтысты жүргізген белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман «екі күнге созылған айтыста ақындар Жайықтың қос қыранына жырдан ескерткіш орнатты» деп атап өтті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде (1,5 млн. теңге) түркістандық Бекарыс Шойбековке берілді. Жерлесіміз Төлеген Жаманов I (1 млн. теңге), қызылордалық Мұхтар Ниязов пен батысқазақстандық Жансая Мусина II (500 мың теңгеден), тағы бір батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлы мен алматылық Қазірет Бердіхан III (400 мың теңгеден) орынға ие болды. Арқалықтан келген айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев, атыраулық жас талант Фариза Жетпісбаева және павлодарлық Аспанбек Шұғатаевқа 300 мың теңгеден Асанәлі Әшімов қорының арнайы сыйлықтары тапсырылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button