Қаныштың кәстөмі мен қалпағы

Қарашаңырақ Қарсақбайдағы құрылымы өзгертіліп, бес бөлмесі белгілі бір жүйемен жасақталған Қаныш Сәтбаев атындағы музей-үйде 3 мыңға жуық жауһар жәдігер сақталған. Басы артық дүние жоқ, тіпті, Қаныштың түймесін қадаған тебенге дейін, «тіл бітсе» талай сырды жайып салатындай…

1928 жылы салынған екі пәтерлі еңселі үйдің бір басында 1941 жылға дейін отбасымен Қаныш Имантайұлы тұрды. Екіншісінде геологиялық кеңсе орналасты. Академиктің 70 жылдығына орай мемориалдық музейге айналған ол – жиі жолың түссе де жалықтырмайтын, рухыңды көтеріп, жан-дүниеңді жаңғыртатын айрықша әлем.

Академиктің өмірбаянын өрнектейтін жәдігер жинақталған бұрынғы «қонақ бөлме» Қаныштың тұңғышы Қанисаның естелігі негізінде, 1940 жылғы үлгімен қайта қалпына келтірілген. Жеке мүлкі кезінде «камералка» атанған, жұмысты жүйеге келтіріп, минерал өңдеген бөлмеге жинақталған. Ұлттық өрнекпен әдіптелген шапаны, қызметке киген кәстөмі мен қалпағы (суретте) ілулі тұр. Қанекең темекі тартпаған, насыбай атқан: шақшасы сол қалпы сақталған. Сапарға шыққанда қалдырмайтын шабаданы да сонда.

Әлібек ӘБДІРАШ.

ҰЛЫТАУ ауданы.