Қарағандыда құтқарушылар құрметіне аллея ашылды

Қарағанды қаласындағы Жеңіс саябағының орталығында құтқарушылар аллеясы ашылды. Салтанатты рәсім құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ortalyq.kz

Іс-шараға қала билігі, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқандардың туыстары қатысты. Қатысушылар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мұнда Қарағанды облысы ТЖД жаңа қызметкерлері ант қабылдады. Ведомствоның бөлімшелері салтанатты шеруге қатысты.

Ұйымдастырушылар мен қонақтар алғашқы ағаштарды отырғызды.

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімлеуінше, алдағы уақытта аллеяда қаза тапқан құтқарушыларды еске алу үшін ескерткіш орнату жоспарлануда.