Жағымды жаңалық

Жеңіс саябағы жөнделеді

Қарағандылық суретші және мүсінші Игорь БАГРАМОВ марқұм Александр ЗОЛОТАРЕВПЕН бірге Жеңіс саябағын көркейтуге еңбек сіңіргені белгілі. Александр Александрович сәулетші, ал Игорь Маратович суретші. Бұл Игорь БАГРАМОВҚА қалалық әкімдікке биыл саябақты қалпына келтіру туралы ұсыныспен шығуға мүмкіндік берді және қала басшылығы оны қолдады.

– Өкінішке орай, Александр Александрович жанымызда емес, бірақ мен қалалық әкімдікке Жеңіс саябағын қалпына келтіру үшін көлемді жұмыс жүргізу керектігі туралы ұсыныс жасадым. Өйткені, қазір аталған саябақ тозған, – дейді Игорь Баграмов.

Оның айтуынша, 360 шаршы метр аумақты алдымен тазарту керек. Ал, мұны күкірт қышқылын пайдалана отырып тазалап, бөлшектерін қалпына келтіріп, жалпы көріністі көрер көзге сүйсінердей ету ләзім екен. Субұрқақты гранитпен қаптап, саябаққа көгершіндерден қорғаныс қою керек көрінеді. Қала басшылығы сәулетшінің осы идеялардың бәрін қолдаған. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі Жеңіс саябағын биыл қалпына келтіруді жоспарланғанын растап отыр. Шындығында, Жеңіс саябағының жанынан өткенде оның ескіріп кеткенін көріп жүрміз. Қаламыздың көрікті жерлерінің бірі болуы тиісті орынның осындай жүдеу халде тұрғаны өзіміз үшін сын болса, қала қонақтарына сұрықсыз болып көрінеді. Сондықтан да, бұл саябақты жөндеудің кезек күттірмейтін мәселе екенін айтқымыз келеді.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button