Жаңалықтар

Қарағандыға «Спутник Лайт» вакцинасы жеткізілді

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы аймаққа 8 000 доза көлемінде “Спутник Лайт” вакцинасы жеткізілгенін хабарлайды.

 

Аталған екпе 18 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға арналған. Вакцина аймақтар арасында таратылып, қазіргі уақытта барлық емханаларда қолжетімді. Жақын арада “Спутник Лайт” екпесінің екінші партиясының келуі күтілуде. Сонымен қатар, ревакцинация кезінде “QazVac” және “Vero Cell”вакциналарын қолдануға болады. Pfizer шығарған Comirnaty препараты жасөспірімдерге, жүкті әйелдерге және босанғаннан кейінгі әйелдерге, сондай-ақ қарт адамдарға (ревакцинация үшін) қол жетімді.
Вакцинация пункттері жұмыс күндері сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді.

Басқа материалдар

Back to top button