Қарағанды облысында жас дәрігерлер баспаналы болды

Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ пен Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ Абай қаласындағы жас дәрігерлерге қызметтік пәтер кілтін табыстады. 13 маман жиһазбен және барлық қажетті тұрмыстық техникамен қамтылған баспанаға ие болды.

Олардың барлығы Абай орталық ауруханасына жұмысқа орналасқан. Қоныс иелері арасында төрт жалпы практика дәрігері, екі педиатр, екі анестезиолог-реаниматолог, онколог, травматолог-ортопед, офтальмолог, нефролог және неонатолог бар.

13 пәтердің жетеуі – бір бөлмелі, төртеуі – екі бөлмелі және екеуі – үш бөлмелі.

Аймақ басшысы Ерлан Қошанов атап өткеніндей, өңірде жас дәрігерлерге ведомстволық тұрғын үй беру есебінен кадрлық тапшылықты айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілген.

Жәлел ШАЛҚАР.