Облыс әкімінің есебі қарсаңында

Агроөнеркәсіп – экономика драйвері

2021 жылы ауыл шаруашылығы саласында өсудің оң серпіні сақталды. Жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 477 млрд. теңге деңгейінде күтілуде, бұл 2020 жылғы деңгейден 93,3 млрд. теңгеге артық (383,7 млрд. теңге).

Мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің өсімі күтілуде, оның ішінде ІҚМ басы 4,5%-ға (652,5 мың басқа дейін), жылқы 9%-ға (474,2 мың басқа дейін), қой мен ешкі 3%-ға (1019,3 мың басқа дейін), шошқа 1,6%-ға (77,2 мың басқа дейін) және құс 4%-ға (3,6 млн.) өседі. Тәуелсіздік кезеңінде (1991 жылдан бастап) ІҚМ саны 12,7%-ға (652,5 мың басқа дейін), жылқы – 3,2 есеге (474,2 мың басқа дейін) өсті. Ет өндірісі 3,9% (157,0 мың тонна) және сүт – 4,5% (525,0 мың тонна) деңгейінде күтілуде.

Қалыптасқан қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері сапалы өнім алды. 9,1 ц/га орташа өнімділік кезінде 856,3 мың тонна астық бастырылды, оның үштен екісі – жоғары сапалы бидай. Картоп пен көкөніс өндірісі артты. 392,6 мың тонна картоп (өткен жылдың деңгейінде) және 118,8 мың тонна көкөніс (107,8 мың тонна, 2020 ж.) жиналды.

Бұл көрсеткіштерге минералды тыңайтқыштар мен жоғары өнімді тұқым себу алаңдарын ұлғайту және қарқынды технологияларды қолдану арқылы қол жеткізілді.

Минералды тыңайтқыштарды енгізу алаңының үлес салмағы 34%-ға дейін ұлғайып, 324 мың гектарды құрады, бұл 2020 жылғы деңгейден 136,3 мың гектарға артық.

Жоғары өнімді тұқым себу алаңы 52,7 мың гектарға артып, егіс алқабының 92%-ын құрады.

АӨК-нің негізгі капиталына инвестициялар салынуда. Жыл қорытындысы бойынша олардың болжамды көлемі 34,1 млрд. теңгеге жетеді (2020 ж. – 27,7 млрд. теңге), оның ішінде, ауыл шаруашылығына – 31 млрд. теңгеге дейін (2020 ж. – 25,7 млрд. теңге) және тамақ өнімдерін өндіруге – 3,1 млрд. теңге (2020 ж. – 2 млрд. теңге) салынды. 2021 жылы облыстың АӨК саласында 318 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 11,1 млрд. теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылды. Олардың ішінде экспортқа бағдарланған «Қарағанды-НАН Корпорациясы» ЖШС-нің базасында 20 жұмыс орнын құра отырып, құны 2,5 млрд. теңге, қуаты жылына 19 мың тонна макарон өнімдерін шығаратын кондитерлік цех пен қысқа кесілген макарондардың үшінші желісін іске қосу жөніндегі жобасы бар. Кәсіпорын өнімдері әлемнің 7 еліне (Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Ауғанстан, Грузия, Түркіменстан, Қырғызстан) жеткізіледі. Сонымен қатар, Қытай мен Армения елдеріне өнімді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Нұра ауданының «Шахтерское» ЖШС базасында 16 жаңа жұмыс орнын құрумен сомасы 1 700 млн. теңгеге Petkus Астық тазалау кешенімен астық қоймасы салынды.

Нұра және Осакаров аудандарында жалпы ауданы 1308 га, құны 1,5 млрд. теңге, 35 жұмыс орнын құрумен суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 3 жоба іске асырылды:

Нұра ауданында «Шахтерское» ЖШС-і базасында 415 га алқапта 15 жұмыс орны құрылды 416 млн. теңгеге;

Нұра ауданында «Қоғабаев» ШҚ-ның базасында – 387 га алқапта 5 жұмыс орны құрылды, 416,0 млн. теңгеге;

Осакаров ауданында «QUNDYZDA AGRO» ЖШС-нің базасында 236 га алқапты құрайтын 15 жұмыс орны құрылды 648,0 млн.теңгеге.

Ауыл шаруашылық техникалары да қарқынды түрде жаңартылуда. Өткен жылы жалпы сомасы 21,7 млрд. теңгеге 1310 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 132 бірлікке немесе 11,2%-ға артық. АӨК салаларындағы көрсеткіштердің өсуіне уақытылы көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдау шаралары ықпал етуде. 2021 жылы мемлекеттік қолдау 20,1 млрд. теңге сомасына 6 315 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған жаңа ұлттық жобаны әзірледі және ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №732 қаулысымен бекітілді. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобада 4 міндет, 22 көрсеткіш және 76 іс-шара көзделген. Ұлттық жобаға сәйкес әзірленген көрсеткіштер Қарағанды облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына енгізіліп, келесі негізгі міндеттер анықталды:

1) ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін ұлғайту;

2) еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру;

3) АӨК саласына инвестицияларды ұлғайту;

Бұл шаралардың барлығы біздің негізгі мақсатымыз – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экспорттық әлеуетті ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталатын болады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 538 млрд.теңгеге дейін (2021 ж. – 477 млрд. теңге), оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімін – 244,9 млрд. теңге, мал шаруашылығы өнімін – 292,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайтуға және өнімділікті арттыру бойынша шаралар қабылдауға баса назар аударылатын болады. Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының алаңын 34 мың га ұлғайтуды және 1088,7 мың га дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз (2020 ж. – 1054,7 га.) Көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүргізу үшін 109 мың тонна астық тұқымы себілді, оның 92,7%-ы жоғары өнімді болып табылады. Минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын барлық егіс алқаптарының 40%-на дейін немесе 393,3 мың га дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Суармалы жерлер алаңын пайдалануды 2,4 мың гектарға ұлғайтып, 25,3 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда (Нұра ауданында – 1080 га, Осакаров ауданында – 700 га, Шет ауданында – 454 га, Бұқар жырау ауданында – 80 га және Абай ауданында – 78 га) (суармалы жерлердің жалпы ауданының 27,2%-ы – 93,1 мың га, АШТӨ-ге бекітілген жерлердің 37,5%-ы–67,486 мың га). Сондай-ақ, машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары жалғастырылады, ол үшін 1404 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда. Мал шаруашылығында жалпы өнім көлемін арттыру ІҚМ мал басын 4,5 пайызға (652,5 мың басқа дейін), жылқы 9 пайызға (474,2 мың басқа дейін), қой мен ешкі 3,0 пайызға (1019,3 мың басқа дейін) ұлғайту есебінен қамтамасыз етілетін болады. Өнім көрсеткіштерінің артуына селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты ынталандыру, тұқымдық түрлендіру есебінен, сондай-ақ құс фабрикасын қалпына келтіру және сүт-тауарлық фермаларды құру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен қол жеткізілетін болады Ет өндірісі – 4,6%-ға, сүт – 5,0%-ға, жұмыртқа – 3,0%-ға өседі деп күтілуде. 2022 жылы инвестициялар салу есебінен 439 жұмыс орнын құрумен 20,0 млрд. теңге сомасына 17 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның ішінде:

– мал шаруашылығында – 8,3 млрд. теңге сомасына, 256 жұмыс орнын құрумен 9 жоба.

– өсімдік шаруашылығында – 1 млрд. теңге сомасына, 73 жұмыс орнын құрумен 2 жоба.

– қайта өңдеу саласында – 110 жұмыс орнын құрумен құны 10,7 млрд.теңгеге 6 жоба.

2022 жылға белгіленген жоспарларға қол жеткізу үшін жер ресурстары, инновациялық технологиялар, аграрлық ғылымның жетістіктері және мемлекеттік қолдау шаралары белсенді түрде пайдаланылатын болады.

Асқар САНАУБАРОВ, Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button