Қарағанды

№50 АВТОБУС – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

Майқұдық пен Михайловканың арасында қатынау тұрғындар үшін біршама қиындық тудырып келген еді. Енді 20 шілдеден бастап №50 автобус Кеншілер шағын ауданынан шығып, «Көгілдір тоғандар» ықшам ауданымен, көкөніс базасы аялдамаларына, прокуратураның жанына, «Строймарт» дүкенінің жанына тоқтайтын болады.

Одан әрі Гоголь көшесімен, Мира жолын жағалап, Жауынгер-интернационалистер көшесімен жүретін көрінеді. Содай-ақ, Ержанов көшесіндегі ХҚКО және Онкологиялық орталықтың жанымен өтіп, соңғы аялдама – Прогресс көшесі, «Сары-Арқа» нан зауыты болмақ. Бұл жөнінде Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров мәлімдеді.

Облыс әкімі Ерлан Қошановтың тапсырмасына орай бүгінде қалалық тасымалдауға арналған автобус шығаруға келісім-шарт жасалған.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button