Білім

Оқушылар қашықтан оқуы мүмкін

Қазақстанда оқушылар ЖРВИ мен тұмаудың тарауына байланысты қашықтан оқу жүйесіне ауысуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздің барлық аймағында тұмаумен ауырғандар саны көбейіп, көпшілігінен «В» типті вирус табылған. Санитарлық дәрігерлер ондай кезде науқастың дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелетінін айтады. Науқастан мұндай белгілер байқалса, инфекциялық ауруханаларға жіберіледі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, бір сыныпта ЖРВИ жұқтырғандар саны 30%-дан асса, сабақ онлайн-форматқа ауыстырылады. Сол себепті, мамандар вирустық аурулардан сақтану үшін вакцина алудың маңызы зор екенін айтады.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button