Қарағанды

15 қарашадан бастап Қарағандыда №65 жаңа автобус жолға шығады

15 қарашадан бастап Қарағандыда №65 қалалық маршрут өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды Ortalyq.kz  тілшісі eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап. 

Сурет интернеттен алынды

Автобус кестесі суретте. 

“Құрметті Қарағанды ​​қаласының тұрғындары! Тұрғындардың өтініші бойынша 2022 жылдың 15 қарашасынан бастап “Оңтүстік-Шығыс автовокзалы – Бөкетов көшесі – Тәттімбет көшесі – Дүйсембеков көшесі, Гоголь көшесі – Назарбаев даңғылы – Вокзал” бағыты бойынша қалалық №65 маршрут жолға шығады”, – деп хабарлады Қарағанды ​​қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жұмыс күндері бағыт бойынша сағат 7:00-ден 21:00-ге дейін 15 минуттық интервалмен 6 автобус жүреді. Демалыс күндері – 25 минуттық интервалмен 4 автобус шығады. 

Басқа материалдар

Back to top button