Қарағанды

Қарағандыда жыл соңына дейін 13 жылы аялдама орнатылмақ

Қарағандыда жылы аялдамалар орнатыла бастады. Жыл соңына дейін қалада осындай 13 павильон салу жоспарланған. Олардың бесеуі Майқұдықта, сегізі қалада және Оңтүстік-Шығыста болмақ.

– Бүгінгі таңда аялдамалардың қаңқалары жасалды, коммуникациялар дайындалды, төсеніштер төселуде. Келесі аптада бірінші павильонды орнатуды бастаймыз. Аялдамалар аудандық әкімдіктерге қызмет көрсетуге беріледі.  Мұндай жылы аялдамалар жолаушылар ең көп жиналатын мекенге орнатылмақ. Бұл жұмыс келесі жылы да жалғасын табады, – деді Қарағанды әкімі аппаратының коммуналдық сала бойынша орынбасары Мейрам Кожухов.

Оның айтуынша, павильон ішінде жылу пердесі жасалып, кондиционер, USB розеткалары орнатылмақ.

Жылы аялдаманың ұзындығы – 10 метр, оның бесеуі – жабық бөлік.

Сыйымдылығы – 25 адамға дейін. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:00-ге дейін.

Жылы павильондар мына жерлерде орнатылмақ:

– Майқұдықта: Көгілдір тоғандар және 19-шы шағын аудандары, “Қарлығаш” аялдамасы, “Жаңа Майқұдық” мәдениет үйі және “Горняк” базары;

– Қарағандыда: Кеншілер мәдениет үйі (екі жағынан), ОӘД (екі жағынан), “Шығыс” базары (бір павильон), “Таир” СҮ (бір павильон), Шахтеров даңғылындағы “Корзина” аялдамасы (бір павильон), “Политех” аялдамасы (бір павильон).

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button