Абай қаласындағы мектеп-гимназияға Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Абай қаласының № 10 мектеп-гимназиясына ұлт ұстазы, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.
Сондай-ақ, ғимаратта көрнекті ұстазға ескерткіш тақта орнатылды.
– Әр халықтың тарихында осындай ұлы адамдардың есімдері әрдайым құрметтеледі. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ орфографиясын реформалаушы, фольклоршы, публицист, ғалым-педагог, – деді Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов мемориалдық тақтаның ашылуында. – Енді гимназия жаңа мәртебеге ие болды. Ахмет Байтұрсынұлының есімін иелену оқу орнына көп нәрсе міндеттейді.
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мектеп-гимназияда “Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының тағылымы” тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Барлық өңірден келген қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, сондай-ақ тіл орталықтарының қызметкерлері баяндамалар дайындап, әдістемелік нұсқаулықты таныстырды.
– Педагогтер орыс тілінде оқытатын сыныптарда мемлекеттік тілді оқыту тәжірибесімен алмасты, әдістемелік нұсқаулықтарын таныстырды. Сондай-ақ, тіл оқыту орталығының оқытушылары өз білімдерімен бөлісті. Бұл біздің гимназия үшін үлкен тәжірибе, бірақ сонымен бірге үлкен жауапкершілік. Біздің балаларымыз ұлт ұстазының атына лайық болуы керек, – дейді №10 мектеп-гимназия директорының орынбасары Рауан Қабдуалиева.
Сондай-ақ, гимназия қонақтары мектепте ашылған Ахмет Байтұрсыновтың кабинетімен танысты. Мұнда семинарлар, конференциялар және ашық сабақтар өтеді.