БелАЗ «Қазақмыстың» 5 қызметкерін басып кетті

«Қазақмыс» көмір кенішінде БелАЗ бес жұмысшы отырған автокөлікті басып кеткен. Жұмыскерлердің екеуі оқиға орнында көз жұмды. Қалған үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Фото: Қазақстан Ұлттық арнасы

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Молодежный» разрезінде БелАЗ көлігінің жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде УАЗ автокөлігінің үстінен жүріп өткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.