Бас тақырып

«Шахтер даңқы» монументінің тарихын білесіз бе?

«Шахтер даңқы» монументі Қарағанды қаласының өзгеше нышаны, оған Қазақстанның көмір астанасының атауы байланысты. Бұл ескерткіш 1974 жылы Қарағанды көмір алабы 2 миллион тонна көмірді өндіру құрметіне орнатылған. Монумент Мәдениет пен демалыс Орталық саябағының негізгі кіреберісінің алдындағы алаңда, Кеншілердің Мәдениет сарайына қарама-қарсы орнатылған. Осы монументті орналастыру жері кездейсоқ таңдалмаған.

Кеңес және партиялық жетекшілер атақты шахтерлермен, олардың ішінде аты аңызға айналған шахтер Түсіп Күзембаевпен ақылдасуды ұйғарды. Атақты көміршілер Кеншілер сарайына шалшықтанған жермен, қазіргі кезде Орталық бақ орналасқан жерден, Сталиннің ескерткіші жанынан, одан кейін осы ескерткіш болмай қалған алаңқай жер жанынан өтіп Социалистік еңбек Батырларының жұлдыздарын алуға барғанын естеріне алып, айтқан. Ақырында шахтерлер үшін есте қаларлық жерде осы монументті орнату туралы шешім қабылданған.

1969 жылы болашақ монументтің үздік жобасы бойынша бүкілодақтық байқау жарияланды. Байқауды жеңуден 11 үміткер болды, солардың ішінде Минск, Свердловск, Алматы қалаларынан шыққан мүсіншілер бар. Мүсінші А. Билык және сәулетші А. Малков ұсынған жоба жеңіске жетті. Кейін дәл осы жоба негізге алынып, біршама болмашы жөндеулерімен бірге жүзеге асырылған. А. Билык мүсінді атақты мүсінші Меркуловтың Мәскеудегі шеберханасында бір жыл бойы жасап, жұмыс істеді. Кейін, монументтің түрлі келісулері, дайындықтары, құймалары және орнатуына бірнеше жыл кеткен. Тек 1974 жылы «Шахтер даңқы» монументі Қарағанды қаласының алаңында өз орнын тапты, сол кезден бері ол қаланың бейресми рәмізі болып табылады, монумент бейнесі газет тақырыптарында, ашық хаттарында және конверттердің беттерінде басылып отырған.

«Шахтер даңқы» монументі мүсінінің салмағы 20 тоннаны құрайды, оны дайындау үшін үлгілерді және құйма кезіндегі шығындарды есепке алғанда, қоланың 30 тоннасы жұмсалған.

Шахтерлердің мүсіндері қоладан жасалған, уақыт өте келе сол металл асыл ақ алтынымен қапталған. Тұғыры бетоннан жасалынып, граниттен жасалған тегістелген блоктарымен қапталған.

«Қарағанды Суретшілері» альбомында монументті сипаттау жерінде былай жазылған: «Екі шахтер – орыс пен қазақ-мықты және энергиялық қозғалысымен көмір кесегін биікке көтеріп тұр. Фигуралардың қозғалысында жұмыс адамның мақтанышы, батылдығы көрсетілген». Осымен бірге «Шахтер даңқы» – КСРО халықтарының достастық ескерткіші болып табылады.

Шынымен монументті құруға көптеген ұлттардың және КСРО аймақтарының өкілдері қатысты. Ескерткіш аяқталмай тұрып, Мәскеу мен Ленинградта болған, ал оның тұғырына арналған тастар Алматыда өңделінген.

"Шахтер даңқы" монументі
“Шахтер даңқы” монументі

Монументтегі екі шахтер – жинақтама бейне-шебердің алдында ешкім тұрмаған, дегенмен ол бірнеше рет шахтаға түсіп, кеншілердің ауыр еңбегін білді. Кейін шебердің айтуынша, монумент идеясы суретшінің шахтерлік еңбегінен қалған әсерден пайда болды. 31-ші шахтада Билык кеншілермен сөйлесіп, нобайларды жасаған. Лаваға түскен кезінде «жердің өзі менің үстіме құлағандай болып көрінді» депті. Әсіресе, төбенің басқа құламауы үшін қолынан келгендерін жасайтын тіреушілердің еңбегі таңғалдырды. Жалпы айтқанда, шахтерлер қыртысты ұстауға бірыңғай талпынысымен есінде қалды. Бұл биікке ұмтылған қозғалыс символды түрде мүсінде көрсетілген.

Бүгінгі күнде де А. Билык монументтің шахтерлер көңілінен шыққанын мақтан етеді, көп жылдар бойы осы тақырыптағы басқа бір монумент «Шахтер даңқы» ұлылығынан асып түскен емес.

Дереккөз: «Шахтер даңқы» монументі – Карта Культуры (culturemap.kz)

Басқа материалдар

Back to top button