Қарағанды

Сәкен театры “Сәтті актерлік ансамбль” номинациясы бойынша марапатқа ие болды

С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры республикалық фестивальде “Сәтті актерлік ансамбль” номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Көкшетауда жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиевтің 70 жылдығына арналған театрлар байқауы өтті.

– Фестиваль жоғары деңгейде өтті. Оған төрт театр қатысты. Барлығы Жабал Ерғалиевтің шығармалары бойынша спектакльдер көрсетті. Біз “Жетім тағдыр” спектаклін ұсындық. Режиссер – Айдын Салбанов, – деді қаздрамтеатрдың директоры Құрман Қалымов.

Сәкен театры "Сәтті актерлік ансамбль" номинациясы бойынша марапатқа ие болды

Жабал Ерғалиевтің шығармасы әлеуметтік қайшылықтар мен ғашықтардың бақыты үшін күреске негізделген.

– Қойылым үшін мен “Жетім тағдырды” таңдадым. Бұл пьесада жастар әлеуметтік теңсіздікке байланысты бір бола алмайды: жігіт балалар үйінде, ал қыз ауқатты отбасында өскен. Бойжеткеннің ата-анасы оған сүйіктісіне үйленуге рұқсат бермейді. Біздің спектакль қарағандылық көрермендерге де ұнайды деп үміттенеміз, – дейді Айдын Салбанов.

“Жетім тағдыр” драмасының премьерасы 12 қараша күні сағат 17:00-де Сәкен Сейфуллин атындағы театрда өтеді.

Анықтама телефондары: 41-39-89, 8-701-911-76-76, 8-776-580-88-87.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

Басқа материалдар

Back to top button