Қарағанды

Қарағанды көшелеріне жаңа бағдаршамдар орнатылды

Ермеков көшесінде жаңа бағдаршам іске қосылды. Қарағанды қаласы әкімдігінің хабарлауынша, бұл – биыл орнатылған алтыншы бағдаршам. Жыл соңына дейін тағы 7 нысанды орнату жоспарлануда.

Жаңа бағдаршамдар Зелинский көшесіндегі №18 мектеп маңына, Охотская-Степная көшелерінің қиылысында, 7-магистральда Автоцон жанына, Бөкетов көшесіндегі «Норма» сауда үйі маңында, Кеншілер-Сатыбалдин көшелерінде жұмыс істеп тұр.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жыл соңына дейін Тәттімбет-Дүйсембеков көшелері қиылысына, Тәттімбет көшесі «Гараждар-2» аялдамасына, Методическая-Кемеровская көшелері мен Дружба-пер.Больничный қиылысына, Мұқанов көшесіндегі «Южный» CY маңына, Университетская көшесіндегі «Жатақхана» аялдамасына, Момышұлы көшесі балабақша ауданында орнатылады.

Бағдаршамдардың орналасу мекенжайы әкімшілік полицияның ұсынымдарын, жол-көлік оқиғаларын және тұрғындарын өтінішін ескере отырып таңдалған.

Қала әкімдігі бағдаршамды орнатуға қатысты келесі жылға тізім дайындайтынын айтып, ұсыныстар мен өтініштерді әрқашан қабылдайтынын жеткізді.

Басқа материалдар

Back to top button