Жаңалықтар

Теміржол билеті whatsapp арқылы қайтарылады

Теміржол билеттерін қайтарудың қолайлы жолы табылды. Бұдан былай жолаушы қолындағы билетін ұялы телефондағы қосымшасы арқылы әп-сәтте қайтаруды іске асыра алады. Дәлірек айтқанда, теміржол тасымалын жүзеге асыратын «ұлттық тасымалдаушы теміржол билеттерін қайтару мәселелері бойынша WhatsApp нөмірін ашты» деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі таратқан деректер жол жүру құжаттары мен ақша қаражатын қайтару жөнінде жолаушылардан келіп түскен өтініштерге байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2020 жылғы 3 қыркүйектен бастап өтініштерді қабылдау және жедел өңдеу үшін +7-707-270-36-64 WhatsApp нөмірі іске қосылғандығын айтады.

Бұл төлемдерді қайтару билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Егер билетті жөнелту станциясынан пойыз жөнелтілгенге дейін бір сағаттан кешіктірмей қайтарса, ақша төлеушінің картасына 5 жұмыс күні ішінде түседі.

Ал, пойыз жөнелтілгенге дейін бір сағаттан кем билетті қайтарған кезде ақша қаражаты жолаушының өтініші негізінде 30 күнтізбелік күн ішінде талап қою тәртібімен қайтарылады.

Билеттерді қайтаруда оның құны қайтарылмаған жолаушылар +7-707-270-36-64 WhatsApp нөміріне хабарласып, ақшаны қайтару жайын анықтай алады.

Сұрау салуды жіберген кезде билеттің нөмірін көрсету, фотосуретін және билет кассасына жүгінгенде қайтару туралы түбіртекті жіберу қажет.

Қызғалдақ АЙТЖАН.

Басқа материалдар

Back to top button