Қарағанды

Алматы қаласында қарағандылық суретші Таңсық Мәжитованың “Адам. Дәуір. Уақыт” көрмесі өтпек

Қарағандылық суретші Таңсық Мәжитова 20 жылдан астам уақыт бойы “Адам. Дәуір. Уақыт” жобасын жүзеге асырып келеді. Осы жылдар аралығында ол елімізге белгілі азаматтардың елуден астам портретін салған, деп хабарлайды Ortalyq.kz Облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл жұмыстар Алматыда ұсынылады. Таңсық Мәжитованың жеке көрмесінің ашылуы 11 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында өтеді.

“Бұл жоба идеясының авторы – өнертанушы Наталья Иванина, ол Таңсықтың психологиялық портреттің шебері ретіндегі талантын көріп, замандас бейнесінің әдемі галереясын жасауға итермелеген. Жобаның тұрақты кураторы – жазушы, полиграфист Әлібек Асқаров, – деп атап өтті көрмені ұйымдастырушылар. – Психологиялық портрет бейнелеу өнері жанры ретінде өте күрделі және әр адамның қолынан келе бермейді. Қылқалам мен сызықтардың көмегімен Тансық әлемге эстетика, философия, кейіпкердің ойын ашады”.

Галереясында белгілі актерлер, қаламгерлер – Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Герольд Бельгер, Дулат Исабеков, Смағұл Елубай және тағы басқалардың портреттері бар.

Осы жоба аясында елордада екі рет – 2011 және 2021 жылдары көрмелер өткізілді.

ҚР Ұлттық кітапханасында “Адам. Дәуір. Уақыт” көрмесі 11–29 қараша аралығында өтеді.

Қарағанды облысының маңызды және өзекті жаңалықтарын “Орталық Қазақстан” газетінің телеграм каналынан оқыңыз (сілтемені басыңыз)

Басқа материалдар

Back to top button