Пияз екі есе қымбаттаған
Жыл басынан бері пияз бағасы 2 есеге қымбаттаған. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті.
«Пияздың жеткілікті қорына қарамастан, оның ішкі нарықтағы құны өте жоғары. Жыл басынан бері пияз бағасы 2 есеге қымбаттады. Бұл – соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Апта сайынғы өсімі орта есеппен 2-3 пайызды құрап отыр. Республика бойынша пияздың орташа бағасы – келісіне 191 теңге. Бұл орайда, ең қымбат баға Алматы облысында тіркелді. Онда пияздың келісі 308 теңгеден сатылып жатыр. Қазақстанның ішкі нарығындағы пияздың қымбаттауы – көршілес елдер тарапынан пиязға деген сұраныстың артуымен және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 пайызын құрайды», – деді Сауда және интреграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.