Қарағанды

Қарағандылық спортшы Айгүл Балмағамбетова парабиден Әлем Кубогында қола медальға қол жеткізді

Халықаралық паралимпиада комитетінің ұйымдастыруымен Парабиден Әлем кубогы Кошице қаласында (Словакия) өтті. Қазақстан құрамасы еліміздің үздік спортшыларынан құралып, рекордтық көрсеткіш көрсетті.

Суреттер Kazparalympic.kz

Олардың бірін Қарағанды облысы мүгедектер спорты мектебінің спортшысы Айгүл Балмағамбетова жеңіп алды.

Арбамен билеу байқауына әлемнің 15 елінен 100 параспортшы қатысты. Жарыс классикалық, еуропалық және латынамерикалық би түрлерінде, сондай-ақ Freestyle және Single түрлері бойынша өтті.

ҚР заманауи және спорттық би федерациясының президенті, ҚР жұптық би федерациясының бас бапкері Әлия Түсіпбекова Кошице әуежайында жолжүкті жоғалту салдарынан туындаған қиындықтар туралы айтып берді. Қазақстандық бишілер өз арбаларынан ажырап қалған соң, басқасына отырып, өнер көрсетуге мәжбүр болды. Десе де, бұл жақсы нәтиже көрсетуге кедергі болмады.

Қазақстан құрамасы екі алтын, сегіз күміс және бес қола медаль жеңіп алды.

Қарағандылық Айгүл Балмағамбетова халықаралық марапаттар топтамасын қоламен толықтырды.

Басқа материалдар

Back to top button