Қарағанды

Қарағандыда 3 қараша күні оқушылар арасында патриоттық ән байқауы өтеді

3 қараша күні Кеншілер Мәдениет сарайында Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында “Қыран елім – Қазақстан” патриоттық ән байқауы өтеді. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Фото: gov.kz

Байқау 2 жас санатында өтеді: 9–12 жас және 13–17 жас.

Қатысушылар Отан, Туған жер және ел туралы патриоттық ән орындауы тиіс.

Өтінімдер 28 қазанға дейін dkg.to@mail.ru электронды мекенжайына қабылданады.

Байқаудың жеңімпаздары номинация бойынша марапатталып, дипломдар және сыйлықтар беріледі. 

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласа аласыз: (8-7212) 41-27-26, +7-707-121-83-99, +7-747-918-46-16.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button