Қарағанды

«Сарыарқа» хоккей клубы тағы да жеңіске жетті

«Сарыарқа» хоккей клубы ірі есеппен тағы да жеңіске жетті. Ел чемпионатының кезекті турында жерлестер өз алаңында өскемендік «Торпедо» клубын 9:1 есебімен ойсырата ұтты.

«Сарыарқа» хоккей клубы тағы да жеңіске жетті
Сурет интернеттен алынды

Ойын басталысымен жерлестер есеп ашты. 3-ші минутта – Эдгарс Сиксна, 4-ші минутта – Руслан Демин, 17-ші минутта – Александр Борисевич гол салып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші айналымда алаң иелері гол салудан алдына жан салмады. Артем Расулов 25-ші және 30-шы минутта қақпаны дәл көздеп, қос голдың авторы атанды. Араға минут салып Дмитрий Исмагилов, Кирилл Беляев, Антон Злобин, Владимир Воровков бірінен соң бірі шайбаны қақпаға тоғытты. Ал, «торпедолықтар» тек 53-ші минутта ғана есеп ашты. Гол авторы – Рифел Степан.

Ірі есеппен ұтылған өскемендіктер 12 ұпаймен турнир кестесінде – Х орында. Ал, жерлестер 39 ұпаймен көш бастап тұр.

Ербол ЕРБОЛАТ

Басқа материалдар

Back to top button