Ташкентте өткен Халықаралық олимпиадада қарағандылық оқушылар жүлдегер атанды

Ташкентте өткен Халықаралық жасөспірімдер олимпиадасында қарағандылық «Дарын» орта мектебінің 5-9 сынып оқушылары жүлдегер атанды.

Зияткерлік жарыстарға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркиядан 120 қатысушы қатысты.

Оқушылар ағылшын тілі, математика, өнер және мәдениет туралы білімдерін көрсетті.

Қазылар алқасына Англия, Германия, Франция, Болгария, Ресей және Қазақстан халықаралық мектептерінің оқытушылары кірді.

– Балаларды олимпиадаға біздің мектептің мұғалімдері дайындады.

Оқушылар жоғары білім деңгейін көрсетіп, жүлдегер атанды.

Артур Абдрахманов, Мансұр Құлкенов және Алдияр Марат математикадан 3-ші орынды иеленді, Айлин Талғат ағылшын тілінен екінші орын алды.

Басқа оқушылар да алғыс хаттармен марапатталды.

Олимпиададан басқа, Еуропалық мектептердің, колледждер мен университеттердің тұсаукесерлері, Самарқандқа экскурсия өтті, – деді «Дарын» химия пәнінің мұғалімі және олимпиададағы қарағандылық қатысушылардың жетекшісі Салиман Шибаева.

Ұйымдастырушылар – «Таланттар Альянсы» (Болгария), OXFORD International Educational Group (Ұлыбритания), Қазақстандағы World Music, LAL Language Centers (Ұлыбритания, АҚШ), Treehouse English School (Ұлыбритания, Италия), Genesis мектебі (Өзбекстан).

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.