Қарағанды

Қарағандылық өрт сөндіруші баланы өрттен аман алып қалды

Қарағандылық өрт сөндіруші Ілияс Ағыбаев өз өмірін қатерге тігіп, 6 жасар баланы жанып жатқан пәтердің ішінен алып шығып, өлімнен құтқарды. Өрт 23 қазан күні Көгілдір тоғандар шағынауданындағы №12/2 үйдің пәтерінде болған, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі eKaraganda.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ТЖД 23 қазанда Көгілдір тоғандар шағынауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт шыққанын хабарлайды. Өрт сөндірушілер шақыру орнына келген кезде 8-қабаттың терезесінен қою түтін пайда болған. Көршілер өртеніп жатқан пәтерде адам бар екенін айтқан. Бір минутты да жоғалтпай, газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкері баспалдақпен 8-қабатқа көтеріліп, құрал-саймандарының көмегімен темір кіреберіс есікті ашқан. Аулада көліктер болған соң, баспалдақты орнату мүмкіндігі болмай, өрт сөндірушілер есікті ашып, баланы өрттен аман алып қалды. 

Өрт 3-бөлмелі пәтердің 20 шаршы метр аумағына жайылған. Азаматтық қорғау старшинасы Ілияс Ағыбаев пәтерде адамдардың бар-жоғын тексеріп, жатын бөлмедегі баланы тапты. Оны көрпеге орап, пәтерден көшеге шығарып, жедел жәрдем бригадасына табыстады. 

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері дұрыс әрі жедел іс-әрекеттің арқасында тағы бір адамның өмірін құтқарып қалды.

Өрттен кейін сол пәтердің иесі Қарағанды облысы ТЖД басшысы, азаматтық қорғау полковнигі Мұрат Қатпановқа алғыс хат жазды.

“Өрт сөндіру қызметінің қызметкері Ілияс Рахымжанұлы Ағыбаевтың батылдығын атап өткім келеді. Ілияс өмір сүру қаупі туралы бір секунд та ойлаған жоқ, пәтерге кіріп, от пен түтіннің арасынан өтіп, ұлымды көрпеге орап, көшеге шығарып, жедел жәрдемге жіберді. Ілияс – біздің заманымыздың батыры, өрт сөндіру қызметінің батыл әрі жауапты қызметкері. Жедел әрекет еткен, өз жұмыстарын кәсіби түрде орындаған МӨС-1 командасына алғысымды білдіремін”, – деп жазды пәтер иесі Әсел Маликова.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button