Қарағанды

Қарағандыдағы қоғамдық көліктер кондукторсыз шыға бастады

Қоғамдық көліктерге ONAY төлем жүйесі келгелі кондуктордың керегі де болмай қалды. Тіпті, кондуктор алдағы уақытта жойылатын мамандық екендігі айтылып жүр. Ал, Қарағандыдағы қоғамдық көліктер кондукторсыз шыға бастады. 

Қарағандыдағы қоғамдық көліктер кондукторсыз шыға бастады

Қаладағы ең үлкен № 3 автопарк кондукторлармен қоштасты. Бұл шешім компания әкімшілігінде расталды. Енді автобуста жол ақысын жинайтын ешкім болмайды. Кондукторлар күнделікті өмірдің бір бөлігі болып кеткен еді.

Айта кету керек, қала тұрғындарына сараланған тариф енгізілгеннен кейін автобустардан кондукторларды алып тастауға уәде берілді. Қазір шарт орындалды, алайда кондукторлар №5 автопарктің автобустарында қалады. Автопарк шешім қабылдамас бұрын шағым көбейген. Қоғамдық көлік жүргізушісі, әрі блогер Айдос Аринов әлеуметтік желілерде таңертең тек 4 адам жолақы төледі, ал бұған дейін әдетте 20 адам ақы төлейтін. Кейбір жолаушылар ONAY картасымен де төлемейді, қалада “қояндар” (зайчики) пайда болды деп шағымданған.

Естеріңізге сала кетейік, “қояндар” (зайчики) үшін қалада 2 АЕК (6000 теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жолаушыларға автобусқа кірген кезде жол ақысын төлеу қажеттілігі ескертіледі. Төлемді ONAY көлік картасы арқылы ғана емес, сонымен қатар балама әдістердің көмегімен ONAY қосымшасындағы QR немесе көлік коды арқылы, сондай-ақ SMS көмегімен жасауға болады. Жол жүру кезінде баламалы тәсілдермен (SMS, QR-код және көлік коды) тіркеу кезінде бақылаушыға картаны емес, сапар туралы деректері бар электрондық билетті немесе SMS ұсыну қажет.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button