Қарағанды

Қарағандыда қоғамдық көлік жүргізушілері қанша жалақы алады?

Қарағандының қоғамдық көлік жүргізушілері орта есеппен 400 мың теңге жалақы алады. Десе де, Қарағанды автопарктерінде 200-ге жуық жүргізуші жетіспейді.

Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев айтты. Белгілі болғандай, жүргізушілер 400 мың теңге жалақы алады. Мұндай жалақы қарағандылық жүргізушілерге әбден лайық. Сонымен қатар, сараланған тариф енгізілгелі бері жүргізушілерде “күнделікті жоспар” деген ұғым жойылды.

– Қазір жүргізушілерде мұндай “жоспар” жоқ екенін атап өтемін. Жүргізушілер тұрақты жалақы алады. Бірақ, өкінішке орай, жолаушылар тасымалына жүргізушілер тапшы. Бүгінде қаланың автопарктерінде екі жүзге жуық жүргізуші жетіспейді, – деді қала әкімі.

Ал Қарағанды автопарктері персонал тапшылығы мәселесіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button