Қарағанды

Жаяу жүргінші жазаға тартылмақ

Қарағанды көшелерінің бірінде жаяу жүргінші көліктің әйнегін белбеуімен ұрып сындырған.

Сурет интернеттен алынды

Мұндай бассыздықты бұрын-соңды көрмеген көліктегі қыз қатты қорқып шошыған. Ол өзіне-өзі келіп, құқық қорғау органдарына хабар бергенше, қылмыскер қашып үлгерген. Заңға сәйкес көлікке және жеке басқа төнген қауіп пен қыздың жағдайын ескергенде жалпы 2 млн. теңге айыппұл төленуі шарт.

Полиция қызметінің дереу іздеу іс-шараларының нәтижесінде 22 жастағы күдікті қолға түсті. Ұсталған жігіт көлік әйнегін сындырғанын мойындады. Алайда, ондай әрекетті не үшін жасағанын түсіндіре алмады.

Полицейлер “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ. 

Басқа материалдар

Back to top button