Жаңалықтар

РЕСЕЙ мен УКРАИНА СОҒЫСЫ

Ресейге санкция салғандар

Канада Центробанкке және Ресейдің бірнеше қаржы мекемесіне, оның ішінде «Сбера», ВТБ, «Открытия», Совкомбанк, Альфа-банкке қарсы санкция енгізді. Сол сияқты РЖД, «Трансферт», «Газпром», Минфин, ЦБ, ФНБ және Дума депутаттары, Сбербанк басшысы Герман Греф, ВЭБ РФ басшысы Игорь Шувалов, бизнесмен Евгений Пригожин сияқты жеке тұлғаларға шектеу салды. Канада СІМ-і «Газпром» және «Роснефт» компанияларының басты-басты он қызметкеріне қатысты санкция салғанын хабарлады. Нақты кім екендігі хабарланған жоқ. Бұған қоса бұрынғы Президент және экс-премьер Дмитрий Медведев, премьер-министр Михаил Мишустин, Мәскеу мэрі Сергей Собянин, Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов санкияға тап болды.

Жапония болса жаңа санкциялар тобының ауқымында кейбір ресейлікке, ресейлік қаржы мекемелерінің активтеріне виза беруді тоқтатады және көптеген тауарлардың экспортына шектеу қояды.

Халықаралық олимпиада комитеті жарыстарға Ресей және Белорусь спортшыларын кіргізбеуді федарацияларға ұсынып отыр. Осы шешімнің салдарынан бірталай ірі-ірі турнирлерге қатыса алмайтын болды. Сонымен бірге Ресейде жоспарланған көптеген жарыстар өтпей қалды. Оның ішінде футболдан Чемпиондар лигасының финалдық ойыны, «Формула-1» жарысының Гран-при кезеңі, Әлемдік шахмат олимпиадасы басқа уақытқа ауыстырылды.

Ұлыбритания өзінің санкциялар тізіміне ішінде Роман Абрамович бар бірнеше ресейлік бизнесменді тіркеді. Оларға Біріккен Корольдікке кіруге тыйым салып, активтерін тоқтатты.

НАТО ауыр қару бере ме?

Украина офис басшысының кеңесшісі Алексей Арестович Ресеймен арадағы оқиғаның сценариі сәтті болған жағдайда бір-екі аптаның ішінде, әрі кеткенде мамыр айында бейбіт келісімге қол жеткізуге болатындығын мәлемдеді. Оған Песков Кремльдің «Алдын ала болжауға асықпау керек» деп отырғанын жеткізді.

Мұндай мәлімдемеге қарамастан, Украина Президенті Владимир Зеленский НАТО-дан Украина аспанын ұшуға болмайтын аймақ ретінде тануға бірнеше мәрте шақырып, американдық әкімшіліктен кеңестік ауыр қару-жарақпен көмек көрсетуін сұраған болатын. Бұл жерде әңгіме МиГ жойғыш ұшағы мен С-300 зениттік-зымыран кешені туралы болып отыр. Бұған CNN мұндай көмектің жанжалды одан әрі ушықтыруы мүмкін болғандықтан, Байден әкімшілігінің Украинаға соғыс қаруын берудің тиімдірек әдісін қарастырып жатқанын жазған.

Телеканал дерегіне қарағанда АҚШ-тың ресми тұлғалары егер қару беру мақұлданған жағдайда Ресейдің бұған қалай жауап берерін білмей алаңдаулы. Вашингтон бұған қоса қазіргі жағдайда жойғыш ұшақтардың қаншалықты тиімді болатындығын және осындай тәуекелмен байланысты жеткізіп берудің қажетілігі бар ма деген мәселені талқылау үстінде.

Еріктілер тартуға тапсырма берді

Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың айтуына қарағанда соғыс қимылына қатысу үшін Донбасқа келуге дайын адамдар көп екен. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ол ДНР мен ЛНР-дегі «азат ету қозғалысына» қатысуға Таяу Шығыстан 16 мың еріктінің өтініш білдіргенін айтып өтті. «Бұл жерде ақшаға емес, адамдардың өздері шын ниеттерімен ұсыныс жасап отырғандықтан, оған дұрыс деп қараймыз. Біз олардың көпшілігін білеміз. Олар соңғы он жылда ИГИЛ-мен (Ресейде тиым салынған террорлық ұйым) күрестегі қиын-қыстау кезеңде бізге де көмек бергендер», – деп атап өтті Шойгу.

Оған Путин: «Егер Донбаста тұратындарға еркін көмекке келетін адам болса, оның өзінде тегін келсе, онда олардың соғыс қимылдары болып жатқан аймақтарға өтуіне көмек жасау қажет», – деп жауап берді.

Сонымен бірге Ресей Президенті «Украинаның Батыстағы демеушілері халықаралық құқықтың номаларына қарамастан, бұл елге жіберу үшін бүкіл әлемнен жалдамалыларды жинап жатқандығын жасырып отырған жоқ қой», – деп атап өтті.

Бұдан соң Путин Шойгудың Ресей әскерінің қолына түскен танктер, броньді техника, артиллерия, Киевке Батыстан жеткізілген Javelin және Stinger сияқты олжа қаруларды ДНР мен ЛНР-ге беру туралы ұсынысын қолдап, өзінің қолынан келген барлық жағдайды шешуге көмек жасайтындығын мәлім етті.

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ.

Басқа материалдар

Back to top button