Қарағанды

Қарағандыда күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Қарағанды қаласының әкімдігі 8, 15 және 29 қазанда қала тұрғындары мен қонақтарын облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне шақырады. Жергілікті тауар өндірушілердің ауыл шаруашылық өнімдері, ет-сүт және көкөніс орташа нарықтық бағадан төмен бағамен сатылатын болады.

Жәрмеңкелер Қарағанды қ., 134-ші есептік квартал (Тәттімбет көшесі мен Момышұлы қиылысы) мекенжайы бойынша GLOBAL CITY КТО аумағында өтеді.

Сауданың басталуы 09:00.

GLOBAL CITY КТО-на № 40, 56, 5, 146 автобустармен және № 02 және 29 маршруттармен жетуге болады.

Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін GLOBAL CITY КТО аумағында үлкен тегін автотұрақ бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button