Жаңалықтар

46 жылдан кейінгі рекорд

   Биыл Арқадағы диқандар қауымы соңғы 46 жылда еңсерілмеген биікті бағындыруды жоспарлауда. Жаз жайлы болды. Табиғат-Ананың жылы қабағын жер емген ағайын да сәтімен пайдалана білді. Егіске шығып, еселеп тер төкті. Жемісі – Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойын Қарағанды жұрты толағай табыспен межелемек.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков те айтқан еді. Бүгінде күзгі жиын-терім науқаны тәмамдалуға жақын. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта 1 млн. тонна қызыл бастырылып, қамбаға құйылды. Мұныңыз – орташа көрсеткіштен 40 пайызға жоғары. Түсім – әр гектардан 14 центнерден айналуда.

Картоп пен көкөніс жинау науқаны да жоспарға сай жүргізілуде. Таяу мерзімде мәреге жетпек. Картоп алқаптарының 8,3 мың гектары (98,5 пайыз) жиналды. 183,1 мың тонна өнім қоймаларға жеткізілді. Бұдан бөлек, 32 мың тонна шамасындағы көкөніс және бар. Сондай-ақ, кейінгі жылдары қарқынмен қолға алынып отырған майлы дақылдар егістіктерінен 8 мың тонна өнім алынды.

Күзгі науқанды аяқтауға жақындап қалған диқандар келесі көктемнің қамын жасауда. Биылғы түсімнің есебінен көктемге қажетті 86,6 мың тонна дәнді-дақылдар мен 25,5 мың тонна картоп тұқымдары қоймаларға сақталуда.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button