Фоторепортаж

Құтқарушылар қызметінде – журналистер

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті БАҚ өкілдерімен Федоров су қоймасының жанындағы құтқару станциясында қызықты құтқару квестін өткізді.

Алғашқы көмек

 Бұл шара өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысымен танысу үшін жоспарланған. Соған сәйкес, БАҚ өкілдері құтқарушылардың атқаратын қызметтерінің бір бөлігін орындап көрді. Әуелі өрт сөндірушінің киімін киіп, автосаты арқылы оқу мұнарасына көтерілді. Одан әрі сол оқу мұнарасынан арқан жіп арқылы төмен түсті. Су жағасында сүңгуірдің құрылғыларымен танысып, суға кеткен адамды құтқаруын тамашалады. Сондай-ақ, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

5 жасар Гриня. Пародасы – бордер-колли
арнайы киімнің таза салмағы – 10 келі. Оған балта, арқан және тағы басқа қосымшаларды қосқаныңда – 25 келі басады
Арнайы тігілген сүңгуір киімі. Су өткізбей, дене температурасын сақтап тұрады. Құрылғының салмағы – 15 келі. Ішіне ауа толтырсаңыз – 17 келі басады
Автосатының максималды ұзындығы – 32 метр
Оқу мұнарасының биіктігі 3 қабатты үймен бірдей

Ербол ЕРБОЛАТ.

Back to top button