Коронавирус
Қарағанды облысында тағы 57 адам коронавирустан емделіп шықты
Қарағанды облысында 4 маусымда ауруханадан КВИ-ға шалдыққан 57 науқас шығарылды.
Оның ішінде 18 қарағандылық, Теміртау қаласының 36 тұрғыны, бір Шахтинск және екі Абай қаласының тұрғыны.
Дәрігерлер бұрын оларға орташа ауырлықтағы КВИ диагнозын қойған.
Толық емдеу курсынан өткен соң және ПТР-талдау екі мәрте теріс нәтиже көрсеткеннен кейін емделушілер үй карантинін сақтау шартымен шығарылды.
4 маусымдағы деректер бойынша Қарағанды облысында сауыққандардың жалпы саны – 371 адам.